jasqazaq.kz

Ақышев: Азаматтар криптовалютада ақшасын жоғалтса, оған өздері жауап береді

18 қазан 2017, 16:55

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев журналистерге криптовалюта нарығын бақылауға алу үшін тиісті шаралар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Елімізде криптовалюта бойынша жағдай күрделі. Соған байланысты көптеген дефинициялар бар.Бұл ретте халық та, журналистер де, кейбір ресми тұлғалар да шатасады. Сондықтан ҚР Ұлттық банкі осы мәселеге байланысты кешенді ұсыныстарды дайындап жатыр. Бұл жерде жеке тұлғаларға криптовалюта бойынша операцияларға шектеу қойылуы шарт. Себебі, мұнда алып-сатарлықтың қаупі бар. Бұл реттеуге келмейтін нарық. Егер азаматтар ақшасын жоғалтса, оған өздері жауап береді. Елімізде мұндай жағдайлар болса, адамдар мемлекетке келетіні түсінікті. Сондықтан біз тиісті шараларды жүргізуіміз қажет», — деді ол.

Сонымен қатар төраға БАҚ өкілдерінің «Қазақстанда сенімді криптовалюта бар ма?» деген сұрағын да жауапсыз қалдырмады.

«Жоқ. Себебі, оларда бірыңғай эмиссиялық орталық жоқ. Бұл процеске кім жауап беретіні белгісіз. Сондықтан біз осы мәселеге байланысты жалпы позицияны қалыптастырып жатырмыз. Бұл мәселеде Қазақстан үкіметінің пікірлері қажет. Себебі, заң өзгерістер енгізілмей бұл салада ешқандай идея жүзеге аспайды», — деді Данияр Ақышев.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті