jasqazaq.kz

Ақыл-кеңес: Күйеуімнің көңілдесі бар

11 маусым 2018, 16:48

Алматылық келіншек жұбайының өзге қызбен кездесіп жүргенін кездейсоқ біліп қойған. Жұбайы төрт жыл бойы жүріс жасаған ол, желіде оқырмандардан көмек сұрады.
NUR.KZ хабарлағандай, 22 жастағы Алматы тұрғыны бүгінде екі баланың анасы. Айтуынша, жұбайымен үйленбес бұрын бір жарым жыл кездескен.

«Үйленгеннен кейін маған жақсы қарады. Барлық еркеліктерімді көтерді, өтініштерімді орындады. Тіпті машина да алып берді. Кейде құрбыларыммен қыдырып қайтамын, сондай кезде балаларға қарап үйде отырады. Менің туысқандарыммен жақсы қарым-қатынас жасайды», — деп жазды.
Қазір үшінші баласына аяғы ауыр келіншек жұбайының телефонын тексермек болған сәтте, күйеуі жол бермеген. Телефонды қолынан жұлып алып, енді бұлай жасамауын ескерткен.

«Осыдан кейін күдігім одан сайын көбейе түсті. Менің жарым өте тиянақты адам. Менің ойымша, көзіме шөп салса да, дәл солай білдірмей жасайды», — деді.
Айтуынша, бірде күйеуі жұмысқа шығардын алдында ұялы телефонын үйде жоғалтып алған. Ақыры таппаған соң жұмысқа кеткен. Кейін ұялы телефонды тауып алған келіншек оны тексерген.

«Үйден тауып алып, тексеріп көріп едім, өз көзіме өзім сене алмай отырмын. Жұбайымның төрт жыл бойы кездесіп жүрген қызы бар екен. Байқағанымдай, олар нағыз жұп секілді. Күйеуім оны қадағалайды, сағынады, тіпті ақшалай көмек беріп тұрады екен», — деген.
Шарасыз қалған келіншек екі баласымен және ішіндегі сәбиімен ажырасуға қорқатынын айтып оқырмандардан көмек сұрады.

Бүгін, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
Бүгін, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
Бүгін, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
Бүгін, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
Бүгін, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
Бүгін, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар