jasqazaq.kz

Ақтөбелік имам қыздарының орамалын шешкізбеу үшін Астанаға ашық хат жазған

21 қараша 2017, 15:14

Ақтөбедегі Жаңақоныс ауданындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы қыздарының орамалын кеше ғана шешті. Имам осыған дейін Астанаға ашық хат жазғанын алға тартып, мектепке қыздарын орамалмен жіберген. Имам шу шыққаннан кейін ғана қыздарының орамалын шешуге келіскен, деп хабарлайды aktobenews.kz.

«Бізде оқу жылының басында 8 оқушы орамал тағып келіп жүрді. Тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Екінші тоқсаннан бастап барлық бала орамалын шешті. Ауылдағы мешітте бас имам болып жасайтын Білімжан деген имамның екі қызы біздің мектепке келеді. 3 сыныпта оқитын қызының орамалын бірден шешті. Тек 6 сыныпта оқитын қызын балиғат жасқа толды деп осы күнге дейін шешпей келген болатын. Ол кісі Астанаға ашық хат жазғанын айтты. Бірақ, кеше мектепке қызын орамалсыз əкелді», — дейді Жаңақоныс орта мектебі директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Гауһар Жақсылыққызы.

Мұғалімдер орамалдарын шешкен оқушылардың бірден үйреніп кеткенін айтты.

«Біз орамалын шешкен оқушылар өздерін ыңғайсыз сезінбеу үшін күнде сөйлесеміз. Керісінше, балалардың көңілдері көтеріңкі. Олар бұрын құрбыларымен сүйіп амандаспайтын еді. Қазір бір-бірлерінің бетін сүйіп амандасады», — дейді Гауһар Жақсылыққызы.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті