jasqazaq.kz

Ақтөбеде үйінің төбесінен аспан көрініп тұрған отбасы көмек сұрайды

20 қазан 2017, 15:35

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының тұрғыны Гүлжайна Молдағалиева көршілерінің кесірінен үйінен айырылып, далада қалды. Әкімдік еш көмек көрсете алмай отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Гүлжайна Молдағалиева қазір пәтер жалдап жүр. Көпбалалы отбасы көршісінің кесірінен жалғыз баспанасынан айырылған.

«Өткен жылдың қыркүйек айында көршіміз жылу қазандығын жөндеп, дәнекерлеу жұмыстар кезінде газ атылды. Сол күні пәтеріміз іске аспай қалды. Бізге жүк көлігін беріп, аман қалған мүлкімізді алып кеткен едік. Пәтер жалдап тұрамыз. Алғашқысында жарылыс жасаған үйдің иелері ай сайын 15 мың теңге берді. Қазір ол да жоқ, сот кезінде шығынымыз өтелмеді. Тіпті сотталған адам рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты. Біз жағдайымызды айтып, көмек сұраймыз. Үйім тұруға жарамсыз, төбесі тесілген, дала көрініп тұр», — деді ауыл тұрғыны Гүлжайна Молдағалиева.

Қазір отбасы үйді жөндей алмайды, тұруға жарамсыз. Ал ай сайын пәтер ақысын төлеу қиынға соқты. Себебі отағасы тұрақты жұмыс істемейді.

«Төрт балам бар. Үлкені Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Бір балам ІІІ топ мүгедегі, Жайсаң мектеп-интернатында білім алып жүр. Біреуі мектепте оқиды. Ал 5 жастағы балам туа бітті сал ауруына шалдығып, Алға ауданындағы сауықтыру кешенінде ем қабылдап жатыр. Ол үш ай ем алады», — дейді Гүлжайна Молдағалиева.

Екі қабатты үйде су, электр тоғы жоқ. Тұруға жарамсыз үйдің иелері жергілікті әкімдіктен көмек сұрап, тығырықтан шығу жолдарын іздейді. Бірақ әзірге ешкімнен қайыр болмай тұр.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс