Ақтөбеде қылмыстық топтарға қару жеткізбек болған екі адам ұсталды. Олардың жолын кесуге Ұлттық қауіпісіздік комитетінен бастап, Ішкі істер мен кіріс департаменттерінің мамандары да тартылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Ұсталған 40 және 45 жастағы ақтөбеліктерден 11 «Байкал» тапаншасы, 600-ге жуық оқ дәрі табылды. Бұл қаруды олардың нақты кімге жеткізбек болғанын тергеушілер айтпай отыр. Сонымен қатар қанша қару-жарақты сатып үлгергендері де белгісіз. Күдіктілер қазір қамауға алынған. Сотқа дейін сонда отырады. Кінәлері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.