
Сот әскери қызметшіні айыпты деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
ҚР Әскери соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс жабық қаралған соң барлық ақпарат құпия сақталады.
– Сот отырысы жабық өткен соң екі тараптың да құқығы қорғалады. Сол себепті қандай да бір ақпарат таратылмайды. Сотталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлады ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, іс Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша тергеліп, қаралды. Сот отырысы Астана қаласындағы әскери сотта өтті.
kaz.inform.kz
Фото: gov.kz