jasqazaq.kz

Ақтөбеде ішіп алған «сақалды» жігіт жұрттың көзінше әйеліне қол жұмсады

24 қазан 2017, 15:08

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде жүрген жігіт араққа тойып келіп, әйелін сабап тастаған.

Пәтер жалдап тұратын ол ащы суға соңғы жылдары бой алдырып жүрсе керек. Таныстарының айтуынша, кезінде ол теріс ағымда жамағатты аузына қаратқан топ жетекшісі де болған екен, деп хабарлайды «Тілші».

Кейінгі кезде бір істеріне қатты өкініп жүрген сияқты. Бір «ғұламаның» барлық шығармасын беріліп оқып жүрген ол аяқасты ойын өзгерткенге ұқсайды.

«Дарын Мубаровты ұстазы санайтын. Алайда, «сеніп жүрген адамымның өзі дұрыс жолда емес екен» деп айтып жүрді де, қатты депрессияға түсіп кетті. Тіпті, ащы судан ұрттайтынды шығарыпты», — дейді оқиғаның басы-қасында болғандар.

Куәгерлердің айтуынша, «сақалды» жігіт кезекті рет тойып келіп, әйелін жұрттың көзінше сабаған. Мас болса да аузынан Алланы тастамаған ол Құран аяттарынан үзінділер келтіріпті.

Белгілі болғандай, теріс ағымға түскеніне өкініп жүрген ол кезінде әкесінен бас тартыпты. Тіпті, оның жаназасын шығарысуға да бармаған.

stan.kz

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс