jasqazaq.kz

Ақтөбеде газ бекетін жарып жібермек болған кәсіпкердің кім екені белгілі болды

21 қазан 2017, 14:48

Ақтөбеде жарылыс жасап, өзіне қол жұмсамақ болған 39 жастағы кәсіпкердің Қайрат Байтөлеков екені анықталды. Ол жанармай бекетіндегі газ цистернасына соғып, жарылыс жасауды көздеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Кәсіпкердің «Тойота-хайлюкс» кәлігі цистернаны төңкеріп тастағанымен, жара алмапты. Өзін өлтіруге бекінген кәсіпкер сол жерде қалтасынан пышақ шығарып, қарнын жарғаны айтылады.

Оқиға 13 қазан күні таңғы 5:20 уақытында тіркелген. KNPS жанармай бекетінде тұрған газ цистернасы кәсіпкер көлігімен жасалған қатты соққыдан аударылып қалған. Қалтасындағы пышақпен ішін тіліп, қансырап қалған кәсіпкер жедел жәрдем ауруханасына жеткізіледі.

«Ол адамның өз рұқсатынсыз оның қандай жағдайда түскені туралы ақпарат бере алмаймыз. Науқас туралы ақпарат беру заңға қайшы. Оның үстіне ол кісі бүгін ауруханадан шығарылды», -дейді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.

Көпшіліктің үрейін ұшырған оқиғаға қатысты газ құю бекетінің басшылары полицияға арыз түсірмегенін айтты. Бірақ, тіркелген дерек бойынша қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалған.

«Көлігімен газ цистернасына барып соққан дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу», «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Ол жігіт — жеке кәсіпкер», — дейді Ақтөбе облысы прокурорының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәуленбаев.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс