

Полиция Ақтөбеде жол бойынан табылған кішкентай сәбилердің анасының кім екені анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.
Ақтөбеде екі баласын айдалаға тастап кеткен келіншек туралы жаңа дерек шықты
Бір жарым жастағы қыз бен 2 жастағы ұл бала қазіргі таңда «Үміт» балалар үйінде.
Полициядағылардың сөзінше, балалардың анасы 20 жастағы келіншек екенін анықталған. Алдын ала дерек бойынша ол Алаға ауданының тумасы. Оны әлі де іздестіруде.
Істің басқа да жай-жапсары әлі де анықталудан.
Егер жуық арадағы екі айда ол табылмаса, оны ана құқығынан айыруы мүмкін.
Есае салсақ, бір ай бұрын кішкентай қазақ сәбилерін Заречный-1 ауданындағы жол бойынан тауып алған. Әбден тоңып, ашыққан балалар жеңіл киінген.