jasqazaq.kz

Ақтөбеде Димаш Құдайберген бейнеленген үлкен мурал салынды

28 қазан 2022, 11:03

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің муралы салынды. Суреттің биіктігі 18 метрдей, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық «Диапазон» басылымының жазуынша, танымал өнерпаз Ақтөбеде әнші Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Сондықтан жоба авторлары оның суретін туған қаласына тарту етуді ұйғарыпты.

Суретшілер үлкен, жарқыраған композиция қала тұрғындарын қуантады деген сенімде.

«Мой город» басылымы бұл суреттің көлемі тоғыз қабаттан асатынын жазды. Ол кем дегенде 18 метр болады. Бұған қоса шеберлер температураның шектен тыс әсеріне төтеп беретін граффитиге арналған арнайы бояуларды қолданған.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне арналған алғашқы мурал емес. 21 қазанда Қарағанды ​​облысындағы колонияда Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды. Оны Республика күні қарсаңында сотталған адам салған.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті