jasqazaq.kz

Ақтөбеде банк менеджері 777 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

07 қыркүйек 2022, 11:26

Ақтөбеде банктердің бірінің менеджері 777 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сот К. 01.07.2017-05.04.2021 аралығында алаяқтық жасады, яғни өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, С. АҚ банкінің ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың сенімін пайдалану немесе алдау жолымен 777 миллион теңгеден аса сома бөтеннің мүлкін ұрлағаны анықталды», — делінген хабарламада.

Сот отырысында сотталушы келтірілген шығын мөлшерімен келіспей, өз кінәсін ішінара мойындаған. Сотталушының кінәсі сот-экономикалық сараптама, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыны 10 жыл бойы банк саласында қызмет атқару құқығынсыз 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушының кішкентай баласы бар болғандықтан, сот жазаны жеңілдеткен. Менеджер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жылда банк секторында қызмет атқара алмайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті