jasqazaq.kz

Ақтөбеде балабақшаны тонаған әкімдік қызметкері сотталды

20 ақпан 2018, 21:45

Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің шаруашылық меңгерушісі Балқияш Молдагереева бұл қылмысы үшін 600 мың теңге айыппұл төлеп, бір жыл шартты жазасын өтейді. Ол жеке кәсіпкердің балабақша ашуға сенімхатпен алған ғимаратының жылу құбырын жұлып, есігінен бастап, еден төсенішіне дейін жымқырған. Әйтсе де, кәсіпкер үкімге көңілі толмайтынын айтады. Себебі, салынған айыппұл келтірілген шығыннның орнын жаппайды екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

-Бұл балабақша бес ай дегенде әрең ашылды. Өйткені, осы уақытқа дейін ғимараттың жылуын қайта жүргізіп, есік-терезесін жаңалауға тура келген. Кәсіпкер бәс саудаға қатысарда мұндай келеңсіздікке тап боламын деп ойламаған. Өйткені сатылымға шығарылған кезде ғимарат бүтін болыпты.

Бар бәле қалалық жұмыспен қамту бөлімі көшерде басталған. Оған дейін осы жерді кеңсе қылған мекеменің шаруашылық меңгерушісі жұмысшылар жалдап, осындағы жылу құбырын жұлып, есігі мен еден төсенішіне дейін үйіне алып кеткен. Қазір Балқияш Молдагереева қылмысын мойындап тек жылу құбыры үшін кәсіпкерге алты жүз мың теңге айыппұл төлепті.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Сотта анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айының 18-і мен 21-і күндері аралығында Молдагереева «Асина» жауапкершілікі шектеулі серіктестігіне тиесілі 1055 секциядан құралған 124 дана шойын батареяларды ұрлаған. Қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілене отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бизнесмен болса білдей әкімдік қызметкерінен мұндайды күтпегенін айтады. Сондай-ақ сот үкіміне де көңілі толмай отыр. Себебі келген шығынның орнын айналдырған 600 мың теңге жаппайды екен.

Әсемгүл Балқыбаева, кәсіпкер:

— Шын кінәлілер дұрыс жазасын алған жоқ деп ойлаймын.

Ғимаратты тас-талқан қылып, мүлкін ұрлаған күдіктілер қатарында алғашқыда жұмыспен қамту бөлімінің басшысы да болған. Бірақ Нәйлә Бөртебаева ол кезде өзінің демалыста болғанын айтып құтылып кетті. Қарамағындағы қызметкерінің қылмысынан хабарсыз болдым деп ақталған.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды