jasqazaq.kz

Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директорына қатысты жаңа деректер айтылды (Видео)

12 қазан 2022, 11:03

Ақтөбе облысында бала-шағасына пышақ ала жүгірген мектеп директоры «адам өлтіруге оқталды» деген баппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Жаңақоныс кенті мектебінің 37 жастағы директоры отбасындағы дауда педагог жұбайы мен жас өгей қызына пышақ қолдану арқылы бірнеше жерінен жарақаттаған. Дене жарақттары жеңіл. Жиналған дәлелдеме жиынтығымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, ҚР ҚК 128-бабының талабына сәйкес ұсталды», — деді Ақтөбе облысы прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Темір Бекетов.

Жаңақоныс орта мектебі басшысының мұндай қылмысқа барғанына ауылдастары таң қалып отыр. Әріптестері де бұрын-соңды ерсі қылығын көрмедік дейді.

37 жастағы директор сол күні Ұстаздар күні мерекесін тойлаған екен. Мас болып, әйелімен сөзге келген. Жүкті келіншегіне пышақ ала жүгіріп, денесінің бірнеше жерін тілгілепті.

Сегіз жасар өгей қызының да құлақ тұсын пышақпен осып өткен.

Қазір күдікті қамауда отыр.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті