jasqazaq.kz

Ақтөбеде 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды

10 қазан 2022, 11:16


Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында екі жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 9 қазан күні болды. «SHACMAN» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан​ Ақтөбе қаласына қарай келе жатып,​ рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып кетті.

«Көлік Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «SHACMAN« автокөлігімен соқтығысқан.​ Апат салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Ақтөбе облысының полицейлері​ қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдап, қарсы​ жолаққа шыққан кезде шұғыл маневрден аулақ болуға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз кызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе-Атырау тасжолының Алға ауданы Тамды ауылы маңында «УАЗ-патриот» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей басып озып, «Lada — Largus» көлігімен соқтығысқан. Жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол туралы белгілер мен қоршаулар орнатылған.​

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті