jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында екпеден бас тартқан ата-аналар көбейген (видео)

24 қазан 2017, 12:10

Ақтөбе облысында 2000-нан астам баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Олардың ішінде 1 жарым мың нәресте туғалы бері бірде-бір рет егілмеген. Баласын ектіруден бас тартатындардың көбі Мұғалжар, Темір, Байғанин сияқты шалғай аудандардың тұрғындары. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары учаскелік дәрігерлер мен дін өкілдерінен құралған топ ауыл-аймақты аралап, халыққа вакцинаның маңыздылығын түсіндіріп жүр. Мамандар баласын ектіруден бас тартқандардың есігін қағып, кіре алмай жүр. Мына үйде 4 шиеттей бала бар. Вакцина десе шошитын ата-анасы қолхат жазып, иммундаудан түбегейлі бас тартыпты. Отбасына дәрігерлер жиі келеді. Райларынан қайтар деген үміт жоқ емес. Алайда үй иесі топ мүшелерін табалдырықтан аттатпайды. Мамандардың айтуынша, қазір әлеуметтік желілерде вакцина туралы теріс пікір тарап кеткен. Соның салдарынан ата-аналарда қорқыныш пайда болған. Мұхтар Сырбаев, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: — 2500-ден астам адам бар, олармен Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық әкімдік бекіткен жоспар бойынша күресіп жатырмыз. Қазіргі таңда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 250 адам вакцина алып отыр. Иммундауға үрке қарайтындарға ешкім шара қолдана алмайды. Ол құқығын таптау болып саналады. Қаладағы №3 ірі емханада 82 бала екпе алмағандардың есебінде тұр. Олардың 69-ы дүниеге келгелі вакцина көрмеген. Ата-аналардың көбі діни көзқараспен екпеден бас тартса, кейбіреулері ғылыми дәлелдемелерді алға тартады. Асылхан Темірханов, облыстық мешіттің найыб имамы: — Әл-Асқар деген үлкен университет бар, соның ғалымдары, ғұлама кеңесі вакцинация, яғни екпе егу исламға еш қайшылығы жоқ деген тұжырымға келді. Мұсылманның бес парызының бірі қажылыққа барғанда, міндетті түрде қажылар вакцина алады. Мамандар екпе алуға үгіттеп жүргенде, тұмау ауруының көрсеткіші бірнеше есеге артқан. Осы жылдың тоғыз айында 160 адам тіркелсе, оның ішінде 45 бала қатерлі вирусты жұқтырған. Басында вакцинадан бас тартып, ауру жұқтырғаннан кейін ем іздеп келгендер бар. Гүлнар Мәмбетжанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: — 84 мың халықты иммунизациядан өткіземіз деген жоспар бар. Оның ішінде 30 мың халыққа ақшаны жіргілікті бюджет бөлді. 30 млн теңге жүкті әйелдерге, балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне. Сонымен қатар 50 мың халықты жұмыс беруші екпеден өткізеді немесе тұрғындар өз қаражатына өтеді. Иммунитеті әлсіз бала түрлі инфекцияға қарсы тұра алмайды. «Балам ауырса, өзім жауаптымын» деп бір парақ қағаз жазып қалдыратындардың көбейгені дәрігерлерді алаңдатып отыр. Ақпараттық үгіт жұмыстары жыл бойы жалғасады.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс