jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында екі жүк цистернасы мен 1033 баллон азот тотығы тәркіленді

11 ақпан, 9:50

Ақтөбе облысында екі цистерна және 1 мыңан аса баллон «көңіл көтеретін газ» тәркіленді, деп хабарлайды jasqazaq.kz облыстық полицияға сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде ел аумағында есірткі құралдарын өндіру мен таратудың алдын алуға бағытталған кешенді шараларды қабылдауда.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесумен қатар, полициямен күшті әсер ететін заттардың айналымын шектеу бойынша да бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында қойма аумағынан екі жүк цистернасы мен 1033 баллон азот тотығы (оксиді) тәркіленді. Аталған заттар Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген.

Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының (көпшілікке «көніл көтеретін газы» ретінде белгілі) заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енді.

Полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық кезеңде қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.
Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі — ведомство қызметінің басым бағыттарының бірі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес