jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында депутат қамауға алынды

20 қазан 2017, 22:04

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты қамауға алынды. Бақытжан Ержановқа ірі көлемді алаяқтық жасады және билік өкіліне күш көрсетті деген айып тағылып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Аймақтың Атымтай Жомарты атанған азаматтың бұлай басы іске шатылып жатқанына көпшілік аң-таң. Өйткені тасқыннан кейін мүгедектерге үй алып беріп, үш бірдей ауданның елді мекендеріне өз ақшасына спорт аулаларын салып берген. Ақтөбедегі кигбоксинг федерациясын басқарған ол депутаттық мандатқа осыдан екі жыл бұрын ие болған еді. Енді тергеушілер халық қалаулысына ауыл шаруашылығы саласына бөлінген субсидиядан ақша жеді деп отыр. Сондай-ақ, тұтқындауға барған тәртіп сақшысына қол көтеріпті. Енді Бақытжан Ержанов тергеу аяқталғанша абақтыда отырады.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Хромтау аудандық сотының 2017 жылдың 19 қазандағы қаулысымен Б.У.Ержановқа қатысты өтінішхат қанағаттандырылып, 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс