jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында бұралқы иттер малға шапты (Видео)

25 тамыз 2022, 10:41

Ақтөбе облысында бұралқы иттер малға шапқан. Аймақтағы Байғанин ауданы тұрғыны Нұрдәулет Ермекбаевтың қорадағы қойын түнде иттер талап, жеп кетіпті. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды.

Қорада қамаулы тұрған қойды бірнеше ит түнде талап өлтіріп, жартысын жеп кеткен. Таңертең малының өлексесін тапқан.

«Иттер есіктің астын қазып кіріп, малға шапқан. Әр жерін тістелеп, жаралап, терісінің жыртып кеткен. Мұндай жағдай жиілеп кетті, оған ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ», — дейді Байғанин ауданының тұрғыны Нұрдәулет Ермекбаев.

Бұған дейін де қаңғыбас иттер тұрғындардың қорадағы малына шауып, төлдерін жеп кетіпті. Тұрғындардың айтуынша аудан орталығының өзінде аш иттер өріп жүреді. Ал аудан басшысы тығырықтан шығудың жалғыз жолы – иесіз иттерді қамап ұстайтын арнайы орын жабдықтамақ. Бұл жерге әзірге 20 шақты қаңғыбас ит оқшауланбақ.

«Халықтың арасында түсіндірме жұмыстары жасалуда. Иттерді байлап ұстау жөнінде, артық ит ұстамау, оларды чиптау жөнінде жұмыстар жасалуда. Ветстанса арқылы итті қамау алаңын жабдықтап жатырмыз. Ары қарай заң аясында іс-шаралар қабылданатын болады», — дейді Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті