jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылды

17 ақпан, 10:25

 Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

2026 жылғы 17 ақпан сағат 10:00-де «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығында, яғни Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолды 17 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты 1403 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.

Фото: Kazinform

Бүгін, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
Бүгін, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес