jasqazaq.kz

Ақтөбе-Атырау тасжолында 10 көлік соқтығысты (Видео)

10 ақпан, 14:40

Оқиға Ақтөбе облысының Ақкемер ауылы маңында болды. Қазір зардап шеккен жолаушыларды дәрігерлер қарап жатыр.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласына қалай бағыт алған жүргізушінің бірі жүк көлігін көрмей қалған. Сол кезде көліктер бірінен соң бірі жиналып қалды. Барлығы 10 көлік соқтығысып, жол жабылды.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан ережені қатаң сақтауды сұрап, арақашықтықтың маңызды екенін ескертеді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген адамдардың бәрін дәрігерлер тексерді. Олар жеңіл жараланған.

Ақтөбеде қазір Ақтөбе-Қарабұтақ, Ақтөбе-Атырау және Ақтөбе-Әлімбет бағытындағы республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр.

 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес