jasqazaq.kz

Ақтаулық азамат 50 жерден пышақталып, қаза тапты

23 қараша 2017, 15:29

Атырауда ақтаулық азамат 50 жерден пышақталып, қаза тапты. 39 жастағы Иван Грабовты о дүниеге аттандырған қырғыз елінің азаматы екен. Астрахандағы оқуының сессиясын ойдағыдай тапсырып, Атырауға жеткен Иван Грабов досы екеуі жүрек жалғамақ болып вокзал маңындағы асханалардың біріне кірген. Бірақ алаңсыз тамақ ішіп отырған жігітті қырғыз азаматы әй-шәй жоқ пышақтай жөнеліпті, — деп хабарлайды ktk.kz.

Марқұм жұбайымен 13 жыл отасқан Лариса бақытты сәттерімнің бәрі артта қалды деп зар жылап отыр. Жұбайы 19 қараша күні Астраханнан Атырау арқылы үйге оралуы керек еді. Бірақ сессиясын аман-есен тапсырып, отбасыммен қауышам деген азамат үйіне өз аяғымен емес, табытпен оралды.

«Дәрігермен сөйлескен едім, ол күйеуімнің алған жарақаттан тірі қалуы мүмкін еместігін айтты. Бауыры мен өкпесі, тіпті бас сүйегі де езіліп кетіпті. Менің суреттерден көргенім, жауыз оны аңшылыққа арналған пышақпен өлтірген», — дейді марқұмның әйелі Лариса Грабова.

Оқиға жексенбі күні таңғы бес жарымдар шамасында асханада болған. Үстелде досымен бірге тамақ ішіп, жайбарақат отырған Иванға күдікті келіп, әй-шайға қарамастан ту сыртынан пышақ салыпты. Оқиғаның көз ілеспес жылдамдықпен болғаны соншалықты, ешкім де көмекке келіп үлгермеген.

«Ол әдейі өлтіретін адам іздеген секілді. Өзімен пышақ алып жүрген. Менің ойымша, ол гипноздың әсерінде болған немесе психикалық ауытқуы бар адам. Неге олардың кесірінен басқалар зардап шегуі тиіс? Мені күйеуімнен, балаларымды әкесінен айырды», — дейді марқұмның әйелі Лариса Грабова.

Иван Грабов жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келгенше қайтыс болған. Ал, күдіктіні полицейлер сол маңдағы бейнебақылау камераларының бірі арқылы тауыпты. Қазір қырғыз елінің азаматы тергеу абақтысында отыр.

«Жалпы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, яғни қасақан кісі өлтіру фактісі бойынша жүріп жатыр», — дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Ал қазір осы іске қатысты түрлі сараптама тағайындалған. Күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы да осы тексерістерден кейін белгілі болмақ. Егер кінәсі дәлелденіп жатса, 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті