jasqazaq.kz

Ақтауда жүргізуші куәлігін заңсыз алып бермек болған алаяқ ұсталды

13 қыркүйек 2022, 16:03

Ақтауда жүргізуші куәлігін заңсыз алып бермек болған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының тұрғыны Telegram әлеуметтік желісі арқылы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кіріп, кейін уәдесінде тұрмаған алаяқтың құрығына түсіп қалған. Азаматша бұл дерек бойынша полицияға арызданды. Белгілі болғандай, арам ойын іске асырмақ болған күдікті жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде қаржы жымқырған. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері маңғыстаулықтарды аса сақ болуға және желі алаяқтарының құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

 

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті