jasqazaq.kz

Ақтауда тегін донер тарату акциясының соңы жанжалға ұласты (Видео)

12 ақпан 2025, 14:32

Акция Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында жоспарланған. Тегін донер мен суши таратылатыны жөнінде фасфуд дәмханасының иесі хабарлаған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тұрғындар көп жиналып, бір-бірін таптап кете жаздады.

Inform.kz жазғандай, оқиға орнына полицейлер келіп, жұртты сабырға шақырған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Дәмхана иесінің айтуынша, ол адам көп жиналады деп ойламаған.

— Қызылтөбе ауылында тұрғындардың көп жиналуына байланысты, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тегін тамақ таратылатын орынды өзгертіп, басқа ауылда өткізіп жібердік. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды. Кешірім сұраймын, — дейді кәсіпкер.

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады