jasqazaq.kz

Ақтауда ер адам аквариумдағы балықты ұрлап кетті (видео)

21 қазан 2017, 14:52

Ақтауда ер адам аквариумдағы бір метрлік балықты ұрлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ИнАктау-ға сілтеме жасап.

Ер адам Ақтау қаласындағы үлкен аквариумы бар «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйіне ұрлыққа түседі. Белгілі болғандай, ол жігіт осы қонақүйдің бұрынғы қызметкері екен.

Қонақ үйдің директоры Раушан Хамитованың айтуынша, олар ер адамды бұрын осы жерде жұмыс істегенінен танып қойған.

Видеодан көрінгендей, ер адам қонақ үйге кірген соң, аквариумның әйнегін ашып, қолымен бір метрлік балықты алып шыққан. Сөйтіп, олжасын алып сыртқа беттеген.

Бірақ ұры алысқа қашып үлгермеген екен. Ұрлыққа түскен жігітті күзетшілер ұстап алып, балықты қонақ үйге қайтарған.

Қонақ үйдің директоры осы фактіге қатысты ешқандай арыз жазбағанын айтады. Себебі ұрлықтың жолы кесіліп, балық аквариумге қайтадан жіберілген.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс