jasqazaq.kz

Ақтауда әйел мен оның қызы полициядан қашпақ болып балконнан секірген

18 қазан 2017, 15:41

Ақтауда кәмелетке толмаған қызымен бірге пәтер балконынан секірген әйел полициядан жасырынбақ болған. Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізілген, — деп хабарлайды «Тумба» Маңғыстау облыстық прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға 17 қазанда сағат 22.05-те 11-ықшамауданда болған. Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккен әйел мен қызы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген, олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін травматология бөліміне ауыстырылған. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр екен. «Тексеріс барысында Шымкент ІІБ криминалдық полициясы бөлімінің екі жедел уәкілі Ақтауға ОҚО ІІД басшысының бұйрығының негізінде іссапармен келгені анықталды. Олардың мақсаты — Шымкентте болған ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізу. Жедел уәкілдер күдікті әйелдің қайда екенін анықтаған, осыдан кейін күдікті әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы Ақтау қаласындағы 11-ықшамауданда орналасқан пәтерге жеткізілген. Сол жақта әйел мен қызы балконнан секірген», — деп хабарлады прокуратура өкілдері. Бақылау ведомствоның өкілдерінің айтуынша, осы дерек бойынша іс материалдары 18 қазанда Ақтау прокуратурасында ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Еске салайық, осыған дейін Ақтауда шешесі мен қызы үшінші қабаттан секіріп кеткені хабарланған еді. Тұрғындардың хабарына қарағанда, үшінші қабатта орналасқан пәтер жалдамалы болған. Шешесі 1977 жылғы, ал қызы 2002 жылғы. Олар бұл пәтерге жалға алған. Қызы мен шешесі құлаған жерде олардың жастық пен көрпелері де болған.

tengrinews.kz

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті