jasqazaq.kz

Ақтауда әйел қызымен бірге үшінші қабаттан жастық құшақтап секірген

18 қазан 2017, 10:00

 Ақтауда 40 жастағы әйел қызымен бірге үшінші қабаттан жастық құшақтап секірген. Бұл  туралы  Лада.кз  сайтына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлады.

Оқыс оқиға 17 қазан күні кешкі 22:00 шамасында 11-ықшамаудандағы 29-үйде болды. Бес қабатты үйдің түбінде жатқан әйел мен жас қызды көрші үйдің тұрғыны байқап қалған. Олар қазір Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. №29 үйдің үшінші қабатында пәтер жалдап тұратын әйел 1977 жылғы, ал қызы 2002 жылы туған. Олар құлаған жерде жастықтар жатқан. «Олар сырт киімін, аяқ киімдерін де киіп алған. Әйелдің қолында сөмкесі болды. Жұмсағырақ түсу үшін жастық құшақтап секірген болса, онда олар әлдекімнен қашқаны анық. Егер олар пәтерден кетіп бара жатқан болса, есіктен шығатын еді», –  дейді үйдің тұрғындары. Оқиға себептері әлі анық емес.

 

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті