jasqazaq.kz

Ақтауда 3-қабаттан секірген әйел полицейлерді сотқа берді

19 қазан 2017, 17:42

15 жасар қызымен бірге үшінші қабаттан жастық құшақтап секірген әйел Шымкент полиция қызметкерлерінің үстінен арыз жазған. Әйел оларды өзі мен қызын заңсыз ұстағаны үшін айыптаған, деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме  жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біз олардың қалай әрекет еткенін тексереміз. Іс барысында пәтерді заңды түрде жалдағанын да анықтайтын боламыз. Қазіргі таңда полицейлерді тергеп жатыр. Зардап шегушінің айтуынша, полиция қызметкерлері шымкенттік жедел уәкілдер жалдаған пәтерде болған. Б. есімді азаматша заңсыз ұстады деп айып тағып жатыр. Ол осы қызметкерлерге қатысты шара қолдануды сұрап, арыз жазған», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық прокуратурасы екінші басқарма бастығының орынбасары Жандарбек Спан. Маңғыстаулық прокурорлар 40 жастағы әйелдің ұрлық жасағаны үшін іздеу салынған-салынбағанын да тексеруге ниетті. «Біз республикалық базаға осының рас-өтірігін тексеру үшін сауал жолдадық. Барлығын тексеріп, осы әйелге қатысты тұлғаларды тергейтін боламыз», — деді Жандарбек Спан. Еске сала кетейік, оқыс оқиға 17 қазан күні кешкі 22:00 шамасында 11-ықшамаудандағы 29-үйде болды. Бес қабатты үйдің түбінде жатқан әйел мен жас қызды көрші үйдің тұрғыны байқап қалған. Зардап шеккен әйел ауруханада жатыр. Олар түрлі дене жарақаттарын алған.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс