jasqazaq.kz

Ақтау теңіз сауда портынан контейнерлік жүк тасымалдайтын Сұңқар кемесі жолға шықты

05 қыркүйек 2022, 15:20


Ақтау теңіз сауда портынан қазақстандық контейнерлік жүк тасымалдайтын екінші кеме — «Сұңқар» алғаш рет жолға шықты. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 қыркүйек күні шыққан «Сұңқардың» алғашқы бағыты — Әзербайжан Республикасы, Баку қаласының «Алят» порты. «Сұңқар» — «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясына тиесілі мамандандырылған флот қатарындағы кеме.

Транскаспий халықаралық көлік маршрутындағы және жалпы әлемдегі контейнерлік тасымалдарға деген қажеттілік пен сұраныстың жоғары болуына байланысты кеме қайта жасақталып, контейнер тасымалдайтын кеме ретінде модернизацияланған.

«Сұңқар» кемесінің контейнерлік кеме ретінде алғаш жолға шығуын «Қазақтеңізкөлікфлоты» салтанатты түрде атап өтті. Мерейлі шараға «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері, Қазақстандағы «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығының бас хатшысы, Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі, Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Олар «Сұңқар» кемесінің капитанына ақ жол тілеп, шығарып салды», — делінген мәліметте.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті