Маңғаз Маңғыстау өлкесінің ауа-райы күрт өзгергенімен, оқушылардың көңіл-күйіне әсер етпеді. Даланың аязына қарамастан жас спортшылар Ақтау қаласында жиналып өздерінің нағыз шебер екендіктерін көрсетті.
SportFEST Kazakhstan спартакиадасының іріктеу кезеңдеріне 6 ауданнан келген 198 оқушы қатысты.
Ер балалар арасындағы футзал бойынша Түпқараған ауданы үздік атанса, Ақтау қаласының балалар ауылы күміске қол жеткізді. Қола жүлде №16 мектептің еншісінде.
Ал қыздар арасындағы баскетбол бойынша Мұнайлы ауданы көш бастап тұр, Бейнеу ауданы екінші орында, қола жүлде Ақтаулықтардың қанжығасын майлады.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша екі команда бақ сынасты, бірінші орында Ақтау қаласының №28 орта мектебі, екінші орын Бейнеулік оқушыларда.
Шахмат нәтижелері: 1 орын – Айтжанова Мөлдір, Сылавханов Самат, 2 орын – Төлегенова Нұрсұлу, Нұрымбаев Бекнұр.
Тоғызқұмалақ: 1 орын – Тұрақбай Жұмагелді, Қосымбаева Айгерім, 2 орын – Елменбетова Аяжан, Беркімбаев Сәбит, 3 орын – Исқали Самал, Төлеп Даниал.
Үстел теннисі: 1 орын – Борсақбаева Камила, Жадбко Ярослав, 2 орын – Тілегенова Ақбота, Сембай Досан, 3 орын – Қайырбай Шерхан, Дүйсенбаева Айнұр.
Естеріңізге салып өтейік, спартакиаданың іріктеу кезеңдері еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. SportFEST Kazakhstan тобы Астана, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда мен Шымкент қалаларында болып қайтты, ендігі кезекте Батыс Қазақстан облысы – Орал қаласы.
Жеңімпаздар 2018 жылдың жазында Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге қатысады.
Іс-шаралар барысындағы суреттер мен толық ақпаратты www.sportfest.kz сайтынан көруге болады.