jasqazaq.kz

Ақшасы үшін дәмханаларға қолдау жасаған мемлекеттік қызметкерлер ұсталды

06 желтоқсан 2017, 0:05

Оңтүстікте ақшасы үшін дәмханаларға қолдау жасаған мемлекеттік қызметкерлер ұсталды.

Сайрам аудандық Әділет басқармасының басшысы мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі кафелер мен мейрамханалардың былығына пара үшін көз жұмуға келіскен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қос басшы күндізгі ас ішіп отырған жерінен ұсталды. Олар Сайрамдағы дәмханалардың ашылуына көмектесіп, кейбір былықтарын көрмей қалуы үшін кафе қожайындарынан 600 мың теңге талап етіпті. Алайда мұндай «жарылқаудың» тым қымбатқа түсерін түсінген дәмхана иелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына шағымданған. Енді лауазымын құлқынын толтыру үшін пайдаланған екі дөкей тергеушілерге жасаған қылмыстарын тәптіштеп айтып беріп жатыр.

Данияр Тұрғанбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының оқо бойынша департамент басшысының орынбасары:

-Екі кәсіпкер шағымданған соң тексердік. Және көп ұзамай ұстадық. Барлық мән-жайды жайып сала алмаймыз. Бірақ бұл екі басшының бірінші рет істеп отырған қылмысы екені анық. Жүйелі түрде алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қылмыс деп тауып тергеп жатырмыз.

 

31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады
30 шiлде, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
30 шiлде, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
30 шiлде, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда