jasqazaq.kz

«Ақшаны балалар үйіне беремін»: Шерзаттың әкесінің ұстанымы туралы заңгері жауап берді (Видео)

09 маусым, 19:01

Шерзат Болат ісі қоғамда резонанс тудырып қана қоймай, заң үстемдігі, әділет, адамдық жауапкершілік секілді ұғымдарды қайта саралауға себеп болды. Жәбірленуші тараптың өкілі ретінде сотқа қатысқан заңгер Мейірман Қалмақанұлымен Jas Qazaq тілшісі сұхбаттасты.

Бүгінде сот шешімі шыққанымен, үкім әлі күшіне енген жоқ. Барлық тараптар апелляциялық шағым түсіргелі жүрген көрінеді. Апелляциялық сот отырысы өтіп, шешім қайта қаралған соң ғана үкім күшіне енеді.

Заңгердің айтуынша, қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев пен Қаржаубайдың үйі өртенуіне байланысты қылмыстық іс алғашында тоқтатылған. Бірақ ішкі істер министрлігі өз бастамасымен тергеуді қайта жандандырған. Оған қоғам тарапынан көрсетілген реакция, БАҚ назары мен белсенді азаматтардың үн қосуы маңызды рөл атқарған. Мейірман мырза бұл процесте Мәжіліс депутаты Абзал Құспанмен де кеңесіп отырғанын, кейбір нақты деректер бойынша тіпті спутниктік сурет сұратуға дейін барғанын айтады.
Сондай-ақ куәгер ретінде қатысқан қос әйелдің іс-әрекетіне қатысты бағаны прокуратура қайта қарайтынын жеткізді.

Мейірман Шекеев сот процесін көрген ата-аналар мен балалардың әсері туралы айта келе, бұл істің тәрбиелік маңызын ерекше атап өтті. «Көшеде жүргенде азаматтар тоқтап, алғыс айтып жатады. Көпшілігі балаларына көрсеткісі келген: бұл – шынайы өмір, бұл – әділет іздегендердің күресі. Кино емес. Өмірде мұндай жағдай кез келген отбасында орын алуы мүмкін екенін баланың өзі де сезініп, ойланатын болды. Ашық сот – нағыз өмір сабағы болды», – дейді ол.

Бұдан бөлек Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай бастапқыдан-ақ қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпағанын айтып, бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұраған.

«Маған ақша керек емес. Баламды қараламаса болды. Менің аманатым сол еді», – деген Қаржаубай мырза тергеу кезінде күдіктілер тарапынан ұсынылған ақшадан бірден бас тартқан. Кейін белгілі бір сатыда егер ақшалай өтемақы берілетін болса, оны өзінің жеке пайдасына емес, балалар үйіне аударуға ниетті болғанын жеткізді. «Бұл – қылмыспен келген ақша. Егер ол түссе, мен азамат ретінде оны мұқтаж балаларға жіберемін», – деген екен Қаржаубай Нұрымов.

 

Олжас Әбдіхалық

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр