jasqazaq.kz

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды (видео)

16 қараша 2017, 16:05

АҚШ Конгресіндегі демократтар ел президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесін тағы да көтерді. Ұсынысты Қауымдар палатасының бірнеше депутаты жасады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Олардың мұндай шараға баруға Ақ үй басшысының мамыр айында Федералды тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен босатуы түрткі болған. Конгрессмендер Трамп өзінің билігін асыра пайдаланды деп отыр. «Ел басшысы бұрынғы кәсібінен әлі күнге дейін пайда алып, бұқаралық ақпарат құралдарына қысымшылық көрсетті» дейді. Әзірге істің қалай өрбитіні белгісіз. Бірақ маусым айында да демократ Брэд Шерман мен Эл Грин президент Ресеймен тергеуге кедергі келтірді деп импичмент жариялауды ұсынған еді. Алайда бұдан еш нәтиже шыққан жоқ. Ал жалпы АҚШ тарихында ел басшысына 3 рет импичмент жарияланып, оның екеуі Сенаттың қолдауына ие бола алмады.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті