jasqazaq.kz

АҚШ-та алып айдаһар видеоға кездейсоқ түсіп қалды (видео)

14 қазан 2017, 12:33

АҚШ-та видеоға айдаһар түсіп қалды. Желіге салынған бұл видеоны адамдар сан-саққа жүгіртіп жатыр. Аңызға сенбейтіндер мұны монтаж дейді. Ал криптозоологтар оның айдаһар болуы әбден мүмкін екенін айтады.

Монтана штатында бір ер адам квадрокоптердің көмегімен көлдің әдемі көрінісін түсіреді. Табиғаттан үйге оралып, компьютерден видеоны тамашалағанда одан бейтаныс жануарды аңғарады. Үлкен қанаты мен құйрығы бар. Құдды аңыздардағы айдаһарға қатты ұқсайды.

Бұл тұралы Новости планеты сайтына сілтеме жасап, 365info.kz хабарлады.

Әрине, ер адам бұған қатты таң қалады. Сөйтіп оны интернетке жүктеуді жөн көреді. Видеоны көргендер әртүрлі пікір қалдырған.

Бірі мұны қарапайым батпырауық десе, бірі ұшқышсыз ұшаққа ұқсатқан. Тағы бірі бұл монтаж ғой дейді. Ал жануарлар әлемі мамандары, яғни криптозоологтар бұл сюжетке қатты қызыққан.
Олар бұл жайтты түбегейлі зерттеу керек деп отыр. Мамандардың айтуынша, қырылып қалды деген айдаһарлардың тұқымы әлі параллель әлемде өмір сүріп жатуы мүмкін, оның кейбіреуі уақыт кеңістігін бұзып, бізге өтуі де ықтимал деп болжайды.

Еске сала кетелік, осы көктемде қытай-қазақ шекарасындағы Тарбағатай аумағынан да айдаһар табылып еді. Бірақ ол өлі болатын.

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже