jasqazaq.kz

АҚШ Сирияның үкімет күштеріне соққы беруі мүмкін

24 ақпан 2018, 2:36

Бұл туралы осы елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді — хабарлайды 24.kz.

Ресми өкілдің айтуынша, егер сириялық әскерилердің бейбіт тұрғындарға химиялық қару қолданғаны дәлелденсе, Вашингтон 2017 жылдың сәуір айындағыдай қадамға баратын болады. Еске сала кетейік, қаңтар айында АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон Сирия әскерінің Шығыс Гутада химиялық қару қолданғаны туралы мәлімдеген. Бірақ Ресей оның негізсіз екенін айтып, айыптаған. Ал АҚШ бастаған одақтас елдер Ирак пен Сириядағы лаңкестерге қарсы «Табанды батылдық» операциясын бастағалы әуе соққыларынан 850-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын растады. Тағы 500-ге жуық адамның қазасы тексеріліп жатыр. Айта кету керек, одақтас елдер бұл операцияны 2014 жылдың тамыз айында бастаған болатын.

Бүгін, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
Бүгін, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
Бүгін, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
Бүгін, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
Бүгін, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
Бүгін, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар