jasqazaq.kz

Ақпарат министрлігі «Қалаулым» бағдарламасын тексереді

16 қараша 2017, 10:52


Белгілі блогер, заңгер Айгүл Орынбек ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа «халықтың жанайқайын» жеткізіп, Еуразия арнасында шығатын атышулы «Қалаулым» бағдарламасын жабу мәселесін көтерген, деп хабарлады caravan.kz.

Бұл туралы Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Нұр Отан» партиясында қабылдау өткізген министрге бейнебайланыс арқылы шыққан қоғам белсендісі көптен бері көтеріп жүрген мәселесін айтқан.

«Қалаулым » бағдарламасы жайлы менен бірінші рет естіп тұр екен минстр мырза. Халықтың жанайқайын жеткіздім деп ойлаймын. Түркияның вице-премьері Numan Kurtuluş өз телеарналарына берген сұқбатында мынадай мәлімдеме жасады: «Бұл жағдай көптен менің бақылауымда. Көрген сайын көңілім түседі. Бұл біздің əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерімізге, Анадолы топырағының мәдениетіне, түрік отбасы құрылымына сай емес. Иə, рейтингі жоғары және бұдан түсетін пайда да көп шығар, бірақ мұндай кірістің болғанынан болмағаны артық. Бұл түрлі программалар отбасы құндылығын, құрылымын, қадір —қасиетін түп-тұқиянымын жоқ қылады», — деп жазады Орынбек.

«Бізде осылай жастар үшін алаңдайтын бір министрдің табылмағаны ма? Біраз дүние айтылды. Алдағы уақытта нəтижесін күтеміз», — дейді ол.

Ал министр арнайы шағым түссе, міндетті түрде тексеріс жүргізілетінін айтқан.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті