
Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында ер адам әке-шешесі мен қарындасын өлтірген. Әлеуметтік желіде, олардың бөлшектелген денелері үй маңайында шашылып жатқан туралы хабарламалар тарады. Полицияның хабарлауынша, күдікті қамауға алынған.
Алдын ала болжам бойынша, оның ақыл-есі кем болуы мүмкін. Тергеу жұмыстарын Ақмола облысының полиция департаменті өз бақылауына алды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде бұл оқиға сан-саққа жүгіртілуде. Осыған орай полиция тек ресми деректерге жүгініп, жалған ақпарат таратпау жөнінде ескертті.
JQ-Aqparat
JQ-Aqparat