jasqazaq.kz

Ақмола облысында «Z» белгісі бар жүргізуші жазаланды (Видео)

10 қазан 2022, 17:10

Ақмола облысында «Z» белгісі бар жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 қазан күні сағат 18.15-те жергілікті тұрғыннан Атбасар қаласындағы балалар ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында есігінде «Z» әрпі бар көлік тұрғаны туралы ақпарат тәртіп сақшыларына келіп түсті. Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «УАЗ 469» автокөлігінің иесін анықтап, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады», — делінген хабарламада.

Атбасар қаласының 60 жастағы тұрғынымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

«Көліктегі жапсырма алынып тасталды. Айта кетерлігі, аталған азама осымен екінші рет осыған ұқсас заң бұзып отыр. Бұған дейін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша жауапқа тартылған болатын. Сонымен қатар ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды», — делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, аталған белгі Ресейдің Украинадағы агрессиясы ретінде танымал болған. Ресейлік әскери техника «Z» және «V» белгілерімен таңбаланған.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті