jasqazaq.kz

Ақмола облысында мамонттың сүйектері табылды

28 қазан 2017, 14:38

Ақмола облысының екі бірдей ауданынан ежелгі дәуірде өмір сүрген мамонттың сүйектері табылды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Жақсы ауданындағы Сандық өзенінің маңынан қазып алынған пілтұқымдас жабайы жануардың тістері мен мүйіздерін жергілікті тұрғындар байқап, археологтарға хабар берген. Ал Шортанды ауданына қарасты Жолымбет ауылының маңынан табылған сүйек сынықтарын құрылысшылар қойма салу барысында кездестірген екен. Олжаның барлығы бүгінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылды. Мамандар «бұл орындар кеңінен зерттеуді талап етеді», – дейді. Себебі Жақсы ауданындағы Сандық өзенінің жағасында 8 метр тереңдікте мамонттың тұтас қаңқасы жатқан көрінеді. Сондықтан жергілікті археологтар Алматы қаласынан палеонтологтарды арнайы шақыртып отыр. Елена Шведова, құрылыс компаниясының бас экологы: — Біз бұл сүйектердің пішініне қарап қазіргі жануарларға ұқсамайтынын білдік те, бірден музейге тапсыру керек деп шештік. Себебі бұл – тарихи тұрғыдан өте құнды дүние. Ғалымдардың зерттеулеріне бір септігін тигізер деп ойладық. Қуаныш Шақшаков, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры: — Екі ауданда табылған қаңқа бөлшектері бір дәуірге тиесілі. Шамамен 40 мың жыл бұрынғы мамонттардың сүйегі. Ал палеонтологтар көктемде келеді. Әзірге бұларды басқа да осыған ұқсас жәдігерлермен салыстырады.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс