Ақмарал Боташева: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға күш саламыз

23 тамыз, 13:57

Биыл 15   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды. Отбасылық ортада зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған жаңа заң 16 маусымда күшіне енді.

Jasqazaq.kz Түркістан облысына қарасты Төлеби АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға иснпекторы, полиция капитаны Ақмарал Боташевамен арнайы сұхбаттасып, аудандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы білді.

— Ақмарал Амантайқызы, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуді көздейтін заңның күшіне енгеніне көп бола қойған жоқ.  Қазір Түркістан өңірінде бұл бағыттағы  жұмыс қарқынды екенін білеміз. Ал сіздер аудан көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қалай күресіп жатырсыздар? Қиын жағдайға тап болған нәзік жандыларға қалай көмектесесіздер?

— Жұмысым әйелдер ісімен тікелей байланысты болғандықтан әрдайым нәзік жандылардың жағдайы мені алаңдатады. Өздеріңіз білесіздер, елімізде күнде бір әйел өзінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, көпшіліктен көмек сұрайды. Бұл біздің көз алдымызда болып жатқан оқиғалар. Ал үнсіз қалып шағымданбай, зорлықтың құрбаны болып отырғандары да қаншама. Сондықтан бұл мәселе тек бір ауданның ғана өзекті мәселесі емес, еліміздегі ең үлкен мәселенің бірі дер едім. Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар өтуде. Әрине, ауданымызда зорлық -зомбылыққа ұшырағандар бірден полиция бөліміне хабарласады. Бөлімшеге ақпарат келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына барып, мән-жайды толығымен анықтаймыз. Егер зорлық-зомбылық белгілері анықталса, зақым келтірген адам жазаға тартылады. Егер әйел адамға психологиялық көмек қажет болса, бірден арнайы маманмен кездестіреміз. Егер ол үйіне барғысы келмей, өзіне қорған болуымызды өтінсе, облыс орталығындағы оңалту орталығына жіберіледі. Ол жерде оған барлық жағынан қолдау көрсетіліп, өзін қауіпсіз сезінуіне толық жағдай жасалады. Дегенмен кейбір нәзік жандылар арызданып алып, кейіннен жұбайымен татуласып, бір мәмілеге келіп, арызын қайта алып жатады. Осындай оқиғалар тәжірибемізде жиі кездеседі.

— Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі дедіңіз. Сол туралы тарқатып айтып өтсеңіз.

— Біз ауданымызда алдын алу жұмыстарын белсенді жүргіземіз. Мысалы, биыл көктемде «Зорлық-зомбылықа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық акциясы аясында ауданымызда ауқымды іс шаралар жүргізілді. Аудан аумағында осы іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» (тақырыбы Қазақстандағы БҰҰ — Әйелдер офисімен келісілген) халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні акциясы аталып өтті. Акцияның негізгі мақсаты — көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомблық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын, әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында учаскелік полиция пунктерінің жанында мүдделік мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылды.

Акция өткізу барысында ақпараттық қағаздар мен буклеттер таратылу, дәрістер мен сұқбаттар жүргізетін жылжымалы топтар жасақталды.

Іс-шара өткізу кезінде мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, және т.б. органдар өкілдері міндетті түрде қатысты.

Төлеби аудандық полицейлері гендерлік саясатты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, медицина мекемелермен бірлесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша  «АШЫҚ ЕСІК» күнін ұйымдастырды. Алдағы күндері жалғасын табатын бұл акцияда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жеке қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді.

Одан бөлек, жақында «Әйелдерді қорламайық, қорғайық!» республикалық акциясы аясында, ауданымызда тұрғындармен кездесу өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты: көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомблық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары, әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында учаскелік полиция пунктерінің жанында мүдделік мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылды.

— Тұрмыстық зорлық зомбылық көбінесе неден туындайды? Нақты себептерін айта аласыз ба? Тәжірибеңізде көбінесе қандай себептер жиі кездеседі?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасының ішінде болатын жағдай. Оған кез келген нәрсе себеп болуы мүмкін. Бірақ оның бірден-бір себебі ішімдік, нашақорлық дер едім.  Себебі ішімдікке салынған адам өз ісіне жауап бермейді, әйелін қызғанып, болмаса басқа да себептермен кінә тағып, күш қолданады.  Соныимен бірге материалдық жағдайдың төмен болуы да бір себеп дер едім. Ерлі-зайыптылар бір-біріне ақша табуды желеу етіп, жоқшылықтан күнделікті ұрыс керістен де жанжалдасып жатады. Осындай сәттің бірінде еркек әйелге қол көтереді. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық тек әйел адамға ғана жасалатын қысым деу қате. Әлді адам әлсізге, жас үлкеннің кішіге, тіпті балаларға жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтар болады. Осының барлығын жан-жақты зерделеп, талдаған соң ғана баға бере аламыз. Қазір полиция мен халықтың арасында байланыс бар. Сондықтан мәселені ушықтырмай, дер кезінде шешу жолдарын да қарастырамыз. Ең алдымен не себепті тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалды, оған қандай факторлар әсер еткенін анықтау қажет. Полицияның міндеті бас салып агрессорды қамау емес, ең алдымен ол адаммен әңгімелесеміз. Жағдайдың себебімен алдын ала  танысып барып, белгілі бір шешім қабылдаймыз. Таяқ жеген, зорлық көрген жәбірленушінің мәселесі үйдегі зорлық-зомбылық тоқтағанда ғана шешіледі. Сондықтан агрессор психологпен жұмыс істеуі керек дегенді заңнамаға енгізу қажет. 15 тәулікке түрмеге қамағаннан гөрі, 15 күн психологиялық жұмыстар жүргізу әлдеқайда пайдалы деп ойлаймын. Өйткені агрессор агрессиядан арылып, отбасы құндылықтарын түсініп, оған себеп болған комплекстерімен жұмыс істесе, бүкіл отбасы мүшесі ұтады. Ер-азаматтар ер психологтармен жұмыс істегісі келеді, сондықтан бұл іске ер мамандарды көбірек жұмылдыру керек.

Біз кейде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған нәзік жандылардың өздерін кінәлап жатамыз. Қоғам да бірден әйел затын айыптайды. Нәзік жанды полиция маманы ретінде қыз-келіншектерге қандай кеңес берер едіңіз?

Әрине, біздің қоғамда отбасылық жанжал болса, әйел өзі кінәлі деген қалыптасқан стереотип бар. Үйдегі ер адамның қол көтеруіне де нәзік жанды әйел кінәлі болып шығады. Ал шындығында, отбасылық кикілжің екі жақтан бірдей болатын жағдай. Мен психолог маманы емеспін. Дегенмен жұмысым әйелдерді қорғау бағытында болғаннан кейін, отбасылық жанжалда ең алдымен даудың не себептен туындағанын анықтауға тырысамын. Біз екі жақтың да пікірін тыңдаймыз. Рас, кейбір ер адамдар сенімсіздік танытып, тіпті дөрекілік көрсетіп жатады. Бірақ менің жұмысым оны бірден қамауға алып жазалау емес, ең алдымен әңгімелесу жүргізу. Мәселенің мәнін түсінуге тырысу.  Менің ойымша, әйел адам сабырлы болуы керек. Әрі ақылды болуы керек. Жалпы барлық мәселеге ақылмен жүгінген жөн деп ойлаймын. Қазіргі таңда біздің бөлімше тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда жан жақты жұмыстарды бастап кеттік. Бұл орайда психолог мамандарды аудандағы қыз-келіншектермен кездестіріп, осы тақырыпта кеңірек талқылау өткізген дұрыс.

Әлима Әлмерек

Сурет: Ақмарал Боташеваның жеке мұрағатынан

 

 

 

 

 

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген