Ақерке Бүркітбай: Әли сөз салғанда, алдандым деп ойладым

10 шiлде 2023, 13:39

Әнші Ақерке Бүркітбай отандық бағдарламада Әли Оқаповтың оған қалай сөз салғаны туралы баяндап берді. Әншінің сөзінше, олар арасындағы қарым-қатынасы туралы жария еткісі келмеген.
«Сөз салғаны, шынымды айтсам, өте қызықты болды. Мен күткен жоқпын. Мен сол сөз салған уақытқа дейін үш күн түсірілімде жүргенмін. Сериалдың түсірілімінде… Үш күн бізде кешкі түсірілім болатын. Менде басты рөл сериалда. Ал күндізгі уақытта менде жарнаманың түсірілімі болды. Мен солай бір уақытқа бірнеше жұмысты алып қойыппын. Үш күн ұйықтамаған кезім еді. Неге екенін білмеймін, ол дәл сол күні үш күн ұйықтамаған кезімде шешім қабылдады ғой сөз салуға. Кейін айтамын ғой, басқа күнді таңдауға болмас па еді, мен кішкене қыз болып, көйлек киіп, әдеміленіп, шаршамай деген сияқты…», — деп бөлісті ол.
Ақеркенің айтуынша, ол өзіне ұсыныс жасалатынына соңына дейін сенбей келген.
«Ойымда түк жоқ, көлікте келе жатырмын, ойлаймын: «үш күн мен осы күндерді уайымдап едім, жақсы жұмыс істедім, бәрі бітті, құдайға шүкір», деп. Трамплинге көтеріліп жатырмыз, гүлдер, адамдар, күн батуда… Данияр (Өтеген — ред.) алда отыр, рульде жүргізуші. Мен қарап қойып айтамын: «Данияр, қарашы, бір қызға сөз салып жатыр. Қандай бақытты, күннің батуы, достары тұр. Супер», — деп қоямын. Ойымда түк жоқ, тіпті маған ұсыныс жасайын деп отыр-ау деген ой жоқ. Келдім, түстім, қараймын. Біздің достарымыз жүр. Тимур, Лаура барлығы жүр. Дос қыздарымыздың ішінде басы босы кім, соның біреуіне ұсыныс жасалғалы жатыр деп ойладым. Сосын Әлиді көрдім, оның үстіне, жан-жағыма қараймын. Бір жоба бар еді ғой «Мен алдандым» деген. Сол ма деп ойладым. Соңына дейін сенбедім. Еркебұлан мен Маратты іздеп тұрмын («Мен алдандым» телешоуының жүргізушілері — ред.). Кейін Әлиді көрдім. Ол бері қарай ұшып келе жатыр. Қолында гүл, түсінбеймін. Үстіме қарап қоямын, үстімде футболка, джинсы. Ішімнен ойлап тұрмын: «туф, мен көйлек киіп келетін едім ғой білгенде», — деп қоямын ғой. Сезе бастадым. Өйткені, Әли шығып келе жатыр алға қарай. Достарымыздың бәрі тұр, қолында гүл мен сақина. Сол кезде енді шынымды айтайын, жылап жібердім қуаныштан. Бәлкім күтпегендіктен шығар… Өте бір сондай әдемі, өте бір ерекше, есте қаларлық сәт болды», — деп әңгімелейді актриса.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды