Ақбота Сейтмағамбет: Ер адамның намысына тигім келмейді

21 шiлде 2023, 15:51


Отандық бағдарламаға сұхбат берген әнші Ақбота Сейтмағамбет балаларының әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтқан болатын.
Өнер иесі бұрынғы күйеуімен не үшін ажырасқанын және осы күнге дейін байланысын үзбегенін жасырмай айтты.
“Иә, араласамыз. Өйткені, баламыз да, жұмысымыз да ортақ. Жасырмаймын, әлі күнге дейін бірге жұмыс жасаймыз. Баласын кез келген уақытта көреді. Ол әулетке келін болып түстім, басыма орамал салды. Еншімізді алып, бөлек шықтық. Сөйтіп жүргенде бір-бірімізді түсіне алмай кеттік. Біраз уақыт бірге тұрайық деген шешім де қабылдадық. Өзара сөйлесіп, келісімге келіп, екіге кеттік. Балаларымен араласады, кез келген уақытта көмектеседі. Ол кісіні жамандай алмаймын, себебі — балажан.
Хабарласса, баласын көріп кетеді. Жұмысқа шықсам, той да, түсірілімде жүрсем де, балам өзіммен бірге жүреді. Сериалға түстім,
балам бір жарым ай бойы жанымда жүрді. Әкесі алып кетеді, алып келеді. Кейде жеңгеме де тастап кетемін, құрбым да жақында
Алматыға көшіп келді. Көмектесетін адамдар бар. Оның үстіне апам жақында зейнетке шықты. Ол кісі де қарасып, көмектеседі”, – дейді Ақбота Сейтмағамбет.
Әнші бұрынғы ата-енесімен де жақсы қарым-қатынаста. Сондай-ақ, актриса “Ақбота – Дәурен Айдарқұловтың үшінші әйелі” деген қауесетке қатысты жауап берді.
“Ол жағын айтпай-ақ қояйын. Өйткені, ер адамның намысына тигім келмейді. Бірақ ата-енем мені жақсы қабылдады. Үлкен кісілер өз қызындай қарады. Ақылдарын айтты. Біз ажырасамыз дегенде ол кісілер таңғалды. «Біраз уақыт бөлек тұрып көріңдер. Не дегенмен елді біраз шулаттыңдар, өздеріңнің махаббаттарың да бар» деп ақылын айтты. Ол кісілерге мін таға алмаймын. Менің балаларымды өздерінің үш немересімен теңдей көрді. Ата-енеммен әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Ол кісілерге алғысым шексіз. Арамыз үзілген жоқ”, – деді өнер иесі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды