jasqazaq.kz

Ақбота Сейітмағамбет: Қазіргі уақытта мен ғана тоқал болып жатқан жоқпын

18 ақпан 2018, 13:26

Дәурен Айдарқұловқа тоқал болып, қарым-қатынастары қашан да ел аузынан түспейтін әнші Ақбота Сейітмағамбет тоқал мәселесі туралы өз ойын жария етті. Әншінің пайымдауынша, қоғамда тоқал болудан өзге де сұмдық жағдайлар орын алып жатыр.

Ақбота Сейітмағамбет «Астана» теле арнасының «Ел аузында» бағдарламасында тоқал мәселесі туралы өз пікірін бүкпесіз айтты.

«Қазіргі уақытта мен ғана тоқал болып жатқан жоқпын. Біреуге тоқал бол, екінші әйел бол деп айта алмаймын. Бұл жат қылық. Дұрыс емес. Басқа да адамдардың басынан неше түрлі жағдайлар өтіп жатыр. Мысалы, біреулердің жағдайы жоқ. Біреулері зорланған, баласын тастап кеткен, әйелі күйеуін немесе күйеуі әйелін өлтірген. Басқалардың да басынан өтіп жатқан оқиға көп. Неге менің ғана өмірім қызық болады? Түсінемін, елдің алдында жүрген соң, барлығына қызықты», – дейді әнші.

Бастапқыда Ақбота өзінің жеке өмірін құпия ұстағысы келген. Оның айтуынша, Дәурен екеуінің арасындағы қарым-қатынасы жайлы қоғамға жайылып rетуіне актердің жұбайы себеп болыпты.

«Енді бір кісілердің арқасында басымдаға жағдай бүкіл елге тарап кетті. Басында менің өмірім ешкімге қызық болмаған. Бір кісілер бүкіл халыққа жайды. Даттағысы, қаралағысы келді», – дейді ол.

Бұған қоса, әнші жүктілік кезінде жалғыз болғанын да айтып қалды.

«Жүктілік кезінде жалғыз болдым. Ол жағдайды іштегі сәбиіммен жалғыз өзім кештім. Кей кезде туыстарым, жалғыз бауырым келіп, көмектесіп тұрды. Ол өзінің маған қамқор екенін көрсетті», – дейді әнші.

Қазір әншінің қазіргі өміріне өкпе-реніші жоқ екенін айтады. Себебі жыласам әлсіз болып көрінемін деп қорқады.

«Өкінемін-ау, қайғырамын ғой, осы әрекетім дұрыс болмады деген ой болған жоқ. Себебі маған Алла ұл сыйлады ғой. Неге мен өкінуім керек? Мен керісінше, ұлымды әрі қарай өсіруім керек. Қайғырып, өмір бойы өкініп өтетін адам емеспін», – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

caravan.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды