jasqazaq.kz

Ақбота Керімбекова: Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз

29 ақпан 2024, 14:32

Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде көпшілікке жазба арнады. Әнші желіде оқырмандарын ниетті түзеуге шақырды.

«Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? Тілдеуге, жүндеуге келгенде ділмар-шешенбіз. Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз. Қай-қайсымыз, не істесек те жақпаймыз. Алланың жер бетіндегі өмірі әйтеуір бір сынақ екенін бәріміз білеміз. Бірақ ешнәрсе жақпайды, неге? Бәріміздің баратын жеріміз бір екені ақиқат. Жақсы сөз айтуға неге қиналамыз, қазағым-ау? Жалпы, әлеуметтік желіні қарап, жүрегім ауырып, жазып отырмын… Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді деген ойым ғана. Атақ, даңқ, дүние, мансап — шетсіз-шексіз болып көрінгенімен, баяны, мәні жоқ ұғым ғой. Қолға ұстаса, суып түсе салатын құм секілді. Ойымша, шүкір етпегенге өмір де күліп қарай қоймас», — деп жазды Ақбота Керімбекова.

JQ-Aqparat

02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
02 шiлде, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
02 шiлде, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
02 шiлде, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар