Әуеде істен шыққан дрон адамдардың үстіне құлап, 6 адамды жарақаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап ria.ru жазады.
Жапониядағы Огаки саябағында робототехникадан өткен шоу кезінде адамдардың үстіне дрон құлады. Істен шыққан құрылғы өткір қалақшаларымен 6 адамды жарақаттаған.
Кадрдан көрінгендей, дрон әуеде тұрып алдымен көрермендерге кәмпиттен шашу шашады. Бір кезде ол бағытын өзгертеді де, шоуды тамашалап тұрған адамдардың үстіне құлайды.
Полицейлер оқиғаның видеосы тарағаннан кейін, осы іске қатысты тергеу жұмыстарын бастапты.
Жапонияда дронның адамды жарақаттаған фактісі алғаш рет 2017 жылдың ақпанында тіркелген болатын. Ол кезде әуеден құрылыс алаңының суреттерін түсіріп тұрған ұшатын аппарат кранға соғылып, жерге құлағанда бір адамды жарақаттады.