jasqazaq.kz

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін, 18:50

«Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партияның Ұлттық кеңесінің Пленумы өтті. Онда қатысушылар Парламенттік фракцияның Жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі ұсынысын талқылады, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Партия төрағасы Азат Перуашев 2025 жылдың қыркүйегінен бастап әуелі Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының, кейіннен Конституциялық комиссияның құрамында Жаңа Конституция жобасы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Жобаның негізгі ережелерін «Ақ жол» Демпартиясы фракциясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаева таныстырды.

Талқылау барысында партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев, партияның парламенттік фракциясы аппаратының басшысы Берік Дүйсембинов, «Ақ жол» Демпартиясының Астана қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Асқар Смағұлов, Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, депутат әрі облыстық мәслихат комиссиясының төрағасы Бауыржан Сандыбаев, Алматы облыстық филиалының төрағасы Мейраш Шынасилова, Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермек Әбілдин, Ақмола облыстық филиалының төрағасы, депутат әрі облыстық мәслихат комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов, Жетісу облыстық филиалының төрағасы, депутат әрі облыстық мәслихат комиссиясының төрағасы Ермек Егiнбаев және тағы да басқа партия мүшелері сөз сөйледі.

Сөз алғандар қабылданып жатқан шешімдердің дұрыстығын дәлелдейтін жеке жұмыс тәжірибелерімен бөлісті (мысалы, «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын ілгерілету, Сенатты жою мәселесі төңірегіндегі көпжылдық пікірталастар, партиялық тізімдер бойынша сайлаудың артықшылықтары және т.б.), сондай-ақ, қоғамда талқыланып жатқан конституциялық реформа мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.

Ұлттық кеңес мүшелері Жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдап, редакциялық сипаттағы бірқатар ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар Конституциялық комиссияның хатшылығына жолданады.

JQ-Aqparat

Сурет: akzhol.kz

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?