Әкесін сексен жыл іздеген ата

10 шiлде 2023, 18:01


Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Әшір Пернебаев ақсақал әкесі соғысқа аттанған кезде бар-жоғы бір жаста екен. Хабар-ошарсыз кеткен әкесі Тұрғынбаев Пернебайдың дерегін сексен жылдан астам уақыт өткенде «Атамның аманаты» ұйымының арқасында тапты.
1942 жылдың шілдесінде әскерге шақырылған Пернебай Тұрғынбаев 1943 жылдың сәуір айында Беларусь жерінде ерлікпен қаза тауып, бауырластар зиратына жерленіпті. Осы хабарды ести сала Әшір ақсақал ұлы Ғалымжанды ертіп жолға шығады. Мәскеу арқылы Минск қаласын жетіп, содан 200 шақырым жердегі Озерное деревнясына дейін барады. Бұл жерде екі бірдей бауырластар зираты бар екен, олардың арасы шамамен 50-60 метрдей, соның бірінде қазақ солдатының да сүйегі жатыр.


Майдангердің немересі Ғалымжанның айтуынша осы жердегі орта мектепті соғыс кезінде неміс-фашист басқыншылары берік қорғалған әскери базаға айналдырыпты. Сол базаға шабуыл жасау барысында қиян-кескі шайқас болып, біздің 1200-ден астам жауынгер, оның ішінде Пернебай Тұрғынбаев та қаза тапқан екен.
Әкесінің қабіріне туған жердің бір уыс топырағын апарып салып, рухына құран бағыштаған Әшір ақсақал елге ерекше толқып қайтты. Ерінбей-талмай еңбектенген «Атамның аманаты» ұйымының еріктілеріне де айтар алғысы мол.

Ә.Смайылов

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды