Қайырымдылық — қадірлі іс

13 мамыр 2016, 18:59

1

Алматы қаласының іргесіндегі Боралдай кентінде 60-қа жуық балаға пана болып отырған «Фазыл-Ғазы Топлы» қайырымдылық мекемесі бар. Аталған аумақта 1997 жылдың қазан айынан бастап қызмет етіп келе жатқан ұйымға жолымыз түскенде біздің есімізге «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тәмсіл түсті. Мекеме қызметкерлері «Жетім көрсең, жебей жүр» деген ұлағатты басты ұстаным ретінде алған. 

Мекеменің «Фазыл-Ғазы Топлы» аталуына, мекеменің ашылуына басты себепкер болған шетелдегі қандас бауырларымыздың есімі берілген..
Осы қайырымдылық мекемесінің директоры Хурмет Мишел «Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, ұлтжанды сезіммен жұмыс істеу парасаттылық пен ақниеттілікті қажет етеді. Ашылғаннан бері біздің мекемеміз жеткіншектердің дұрыс қалыптасуы, дамуы жолында өз жұмысын жемісті жалғастырып келеді. Негізгі мақсатымыз – жас ұрпақты ата-баба жолымен тәрбиелеп, адамгершілік пен ізгілікке шақыру. Олардың жан-жақты білім алуына жәрдемдесу. Сонымен қатар әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан балалардың жағдайын жақсартуға да өз үлесімізді қосып келеміз», – дейді..
Қазіргі таңда мекемеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 51 жас жеткіншек тәрбиеленіп жатыр. Олардың 29-ы мектеп оқушысы болса, 22-сі студент. Оқушылар Алматы қаласындағы №122 мектеп-гимназияда білім алады. Олардың оқу үлгерімін жақсарту мақсатында үй тапсырмаларын қадағалап, қосымша сабақтар өткізуге арнайы мұғалімдер тағайындалған. Олар мектепке арнайы автобуспен барып келеді. Ал студенттер «Қайнар» колледжінде халыққа пайдалы әртүрлі мамандықтарда оқиды. Мекемеде арнайы тарих, әдебиет, компьютер кабинеттері жабдықталған. Байқағанымыз – балаларға барлық жағдай жасалған.

IMG_7915

Ашылғаннан бері 20 жылға жақын уақыттың ішінде мекемеде тәрбиеленген оқушылар мен студенттер арасынан талай талантты мен дарындылар шықты. Қазір олар осы жерде алған білімі мен тәрбиенің арқасында еліміздің барлық облыстарында әртүрлі салаларда қызмет атқарып, еліміздің жарқын болашағы үшін өз үлестерін қосуда. Қайырымдылық саласында да жүргендері аз емес.
Қайырымдылық мекемесінің тәрбиешісі Арман Шомотановтың айтуынша, тәрбиеленушілер оқу жылының басында бекітілген тәрбие сағаттарының бағдарламасы бойынша білім алады. «Бағытымыз – тәрбиеленушілерді ғылымнан қол үздірмей оқытып, олардың зайырлы білім алуларына жағдай жасау. Отанымыздың болашақ өрендерінің қоғамға жат қылықтан аулақ болуын қадағалап, нағыз ел патриоттарын тәрбиелеу.
Сонымен қатар бағдарлама бойынша әртүрлі мәдени шаралар, баяндамалар, білім жарыстары мен спорттық ойындардың да жарысы жиі ұйымдастырылады. Мерекеге байланысты сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламалар жүргізіледі. Хурмет Мишелдің айтуына қарағанда, мекеме қайырымдылық іспен айналысуымен қатар еліміздің болашағы болған жастардың бойына қазіргі кезде аса қажет болған ұлтжандылық және имандылық тәрбиесін сіңіреді.

IMG_7937Ержанат Аман, қайырымдылық мекемесінің тәрбиеленушісі:
«Мен бұл мекемеге Іле ауданынан келдім. 3 жыл болды. Қазіргі таңда «Қайнар» колледжінде құқықтану мамандығы бойынша 2-курс студентімін. Алдыма қойған басты мақсатым – сапалы білім алып, халыққа қалаулы қызмет ету. Мұнда барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар күнделікті кесте бойынша рет-ретімен бағдарлама түзілген. Сол бойынша күнделікті уақытымызды тиімді пайдаланып, қоғамдық шараларға қатысамын»– десе, тағы бір тәрбиеленуші Жалын Шәріпхан: «Мен бұл IMG_7931мекемеге 2015 жылы Сарқанд қаласынан келдім. Ата-анамның рұқсатымен осы мекеменің оқушы-тәрбиеленушісімін. Мұнда оқумен қатар футбол, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын да ойнаймыз».

Қоғамдық ұйым қызметімен танысу барысында байқағанымыз – қайырымдылық мекемесіндегі әрбір тәрбиеленушінің жүзінен болашаққа. білімге деген сенім, жарқын өмірге деген талпыныс байқалады.
Қазақ – бала болашағының баянды болуын бәрінен биік қойған халық. Жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруге ерекше назар аударды. Өйткені «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды емес пе?! Сондықтан сапалы білім мен тәрбиені ұштастыра білетін осындай қайырымдылық іспен айналысатын мекемелердің саны көп болса, ұрпағымыз ұлағатты, келешегіміз кемел болмақ.

Мақпал НОҒАЙБАЕВА,
Алматы облысы

Бүгін, 17:55
Түркістанда Ғазиз Байтасовқа арналған сынып пен кинозал ашылды
Бүгін, 17:35
Түркістан облысында 500 мыңға тарта оқушыға жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді
30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде