jasqazaq.kz

Әйтенов: Салынып жатқан нысандар ұзақ жылдар қызмет етуі керек

13 қыркүйек 2022, 10:40

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалада жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың барысын бақылады. Алдамын Шаһар басшысы Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында болды. Қазір аталған жерде электр жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

Былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында. «Жаңаталап» қосалқы станциясы құрылысының 90% аяқталған. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымға электр желілері тартылуда, аяқталу мерзімі — қазан айының соңына жоспарланған.

Шаһар басшысы ауыл биі мен қоғам белсенділеріне құрылыс жұмысымен қатар абоненттеу жұмыстарының жүргізілуіне жергілікті тұрғындарды жұмылдыру керектігін айтып өтті.

–Абоненттеу, ескі жүйені жаңа жүйеге қосуға да уақыт кетеді. Сондықтан құжаттарды қазірден бастап дайындауға кірісіңіздер. Ал жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуы біздің бақылауымызда,-деді әкім.

Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Әзірге жұмыстың 20%-ы орындалды.
Мұнан кейін М.Әйтенов «Igilik Park» тұрғын үй кешініне барды. Қазір кешенде инженерлік-инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр. Нысанда 12 000 шаршы метрлік 200 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйге кәріз жүйесі мен су құбыры 95%-ға тартылып, электр желісі жүргізілуде.

–Халықтың сұранысы сапалы су, жарық және кәріз жүйелері. Бір рет жасалған жүйе ұзақ жылдар қызмет етуі керек. Сондықтан да сапаға аса мән беру керек,-деді қала әкімі тиісті сала өкілдерімен кездесу барысында.

Айтып өтейік, «Igilik Park» кешеніндегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алуға болады. Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылуда.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті