Айсәуле Бақытбек: Шүменовті қолдайтындардан шошыдым

13 шiлде 2023, 12:40


Айсәуле Бақытбек басы дауға боксшы Бейбіт Шүменовтің бала ұстаған ер адамға жұдырық ала жүгіргеніне қатысты ойын жеткізді.
Боксшының тиісті жазасын алудың орнына, бостандықта тайраңдап жүргенін айтып, құзырлы органдарға наразылығын жеткізді. «Мынау сұмдық қой! Біздің елде өз ісіне салғырттық танытатын құзырлы органдар жұмыс істейді. Тіпті еліміздің бокс федерациясы кәсіби боксшының мұндай әрекетіне ешқандай пікір білдірмейді. Сол себепті Қазақстанда тұру қорқынышты. Оның жұдырығы – суық қару. Балаға психологиялық тұрғыдан қаншалықты ауыр тигенін елестету мүмкін емес», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Блогер жәбірленушінің сырқат баласы жайлы айтып отырып көзіне жас алды.
“Бейнежазба астындағы пікірлерді оқып отырып Бейбіттің бұл әрекетін ақтап жатқан адамдардан шошыдым. Төбелес балалар арасындағы жанжалдан басталған. Жәбірленушінің баласы аутизммен ауыратыны белгілі болды. Ойлап көріңізші, біздің елде ерекше балалардың ата-анасына онсыз да қиын. Себебі аутизммен ауыратын балаларға ешқандай жағдай жасалмаған. Ойын-сауық орталығына барса ол бала қайда ойнауы керек? Онымен қоймай кез келген адам осылай тап береді. Бейбіт болған жағдай үшін кешірім сұраудың орнына, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ақталып отыр. Осындай «малдарды» жақтайтын адамдар бар қоғамда баланы қалай өсіріп, тәрбиелеуге болады”, – дейді көз жасына ерік берген Айсәуле Бақытбек.

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды