jasqazaq.kz

Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды

Бүгін, 13:06

Танысу сайттарындағы алаяқтық өзектілігін жоғалтпай отыр. Біз алдау схемаларын қалай тануға болатынын және өзіңізді қалай қорғау керектігін түсіндіреміз.
Схема қалай жұмыс істейді?
Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Әрқайсысына жеке тоқталайық.


1 қадам: Аңыз ойлап табу
Алаяқтар бұл іске өте мұқият кіріседі. Олар ойдан шығарылған мінсіз кейіпкердің бейнесін жасайды: ақылды, табысты әрі бай. Атын ойлап табады, әлеуметтік желілерде аккаунттар тіркейді, өмірбаянын, хоббиі мен қызығушылықтары туралы аңыздар құрастырады. Барлығы дайын болған соң, құрбан іздеуге кіріседі. Мұндай дайындықтың арқасында адам шынымен тірі, нақты адаммен танысып жатырмын деп сенеді. Маңызды жайт — аңыз бойынша алаяқ шетелде тұрады. Бұл қарым-қатынасты тек онлайн форматта жүргізуге мүмкіндік береді.

2 қадам: Сенімге кіру
Алаяқтар бірден ақша сұрамайды. Алдымен сөйлеседі. Бұл кезең бірнеше күнге созылады. Мақсаты құрбанның сақтығы төмендету. Ол әңгімелесушінің шынайылығына сеніп, алдамайды деп сене бастайды.

3 қадам: Ниеттің «маңыздылығын» көрсету
Одан кейін алаяқтар «бағасын көтереді». Олар кездесу туралы айта бастайды немесе тіпті үйленуге ұсыныс жасауы мүмкін. Мұнда кез келген тәсіл болуы мүмкін. Ең бастысы — құрбанды қармаққа ілуді көздейді.

4 қадам: «Сыйлық жіберу»

Алаяқтар ниеттерінің шынайылығын көрсету үшін жәбірленушіге сыйлық жібергенін айтады. Әдетте бұл қымбат зат болады: брендтік бұйым немесе әшекей. Олар заттың брендтік әрі расымен бар екенін «дәлелдеу» үшін сыйлықтың да, түбіртектердің де фотосын жіберуі мүмкін. Әрине, бұл суреттердің бәрі жалған.

5 қадам: Уақытша қиындықтар туралы айту
Тағы бірнеше күн өткен соң, алаяқтар қымбат сәлемдеменің Қазақстанға жеткенін, бірақ кеденде мәселе туындағанын хабарлайды. Сыйлықты алу үшін баж салығын немесе қандай да бір кедендік алымды төлеу керек дейді. Өздері мұны жасай алмайтынын, себебі шетелде жүргенін айтады. Төлем жасау үшін сілтеме жібереді. Сол сілтеме арқылы жәбірленуші өз ақшасын тікелей алаяқтарға аударады.

6 қадам: Із-түзсіз жоғалу
Осыдан кейін алаяқтар жәбірленушіні танысу сайтында да, әлеуметтік желілерде де бұғаттайды. Байланысқа шықпай, ақшамен бірге жоқ болады.
Ал мені алдап жатқанын қалай дер кезінде түсінуге болады?
Біріншіден, әрдайым салқынқандылықты сақтауға тырысыңыз. Ертегі ханзадалар мен сарайдағы өмір туралы уәделерге сенбеңіз.
Екіншіден, жасанды интеллект дамыған заманда кез келген фотосуретті қолдан жасау бірнеше минуттың ісі екенін ұмытпаңыз. Қымбат сыйлықтардың суреттері олардың шын мәнінде бар екенін дәлелдемейді.
Үшіншіден, егер сізге сәлемдеме жіберілсе, әдетте барлық шығынды жіберуші төлейді. Алушы ешқандай баж, алым немесе комиссия төлемейді.
Төртіншіден, қандай жағдай болмасын, күмәнді сілтемелерге өтудің қауіпті екенін есте сақтаңыз. Ешқашан бейресми сайттарда немесе қосымшаларда банк карталарыңыздың деректерін қалдырмаңыз.
Жақында «Kaspi.kz алаяқтарға қарсы» науқаны аясында Kaspi.kz-тің YouTube-арнасында жаңа бейнеролик жарияланды. Онда дәл осы алаяқтық схемасы туралы айтылады.
Еске салайық, Kaspi.kz Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің қолдауымен адамдар алаяқтардың құрбаны болмас үшін, ең кең таралған алаяқтық схемалар туралы бірқатар бейнеролик түсірді. Жаңа видеолар әр екі апта сайын Kaspi.kz-тің ресми YouTube-арнасында шығып тұрады.

 

Бүгін, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді